«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республика Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 Қаулысы
(2017.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Бағдарламаның міндеттері» деген кіші бөлімдегі «5-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту» деген жол алып тасталсын;
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» деген кіші бөлімде:
«Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:
млн. теңге
»;
«2. Кіріспе» деген бөлімде:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Бағдарлама мынадай бағдарламалардың негізінде әзірленді: «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы.»;
«4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
«5-міндет. Тұрғын үй құрылысын дамыту» деген кіші бөлім алып тасталсын;